Ақпарлама 9 сынып МОДО, итоговая аттестация.

26.02.2024 күні 9 – сынып оқушыларымен жиналыс өтті.Жиналысқа қатысқандар: мектеп директоры З.А.Казиева ,директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.А.Издибаева, 9-сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері,9-сынып оқушылары.Күн тәртібінде білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ)дайындығы,қорытынды аттестация туралы және өткізілу тәртібі туралы толық мағұлмат беру.

Мектеп директоры Казиева З.А қорытынды аттестация туралы және өткізілу тәртібі мен тәртіп және сабаққа қатысым туралы жете тоқталып өтті.

    2023-2024 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау

9 (10) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:

1) қазақ/орыс/ұйғыр/өзбек/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе)-2024 жылғы  29 мамыр;

2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы)- 2024 жылғы 3 маусым;

3) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау)- 2024 жылғы 6 маусым;

4) таңдау пәні (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Әдебиет (оқыту тілі бойынша), Шет тілі (ағылшын), Информатика) бойынша жазбаша емтихан 2024 жылғы 10 маусым;

           Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.А.Издибаева  ББЖМ дайындығы туралы,ББЖМ өткізу тәртібі мен ББЖМ пәндер туралы толық тоқталды.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 24 шілдедегі (2021 жылғы 8 қаңтардағы өзгерістер және толықтырулармен) «Білім туралы» Заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) болып өзгертілді.

Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі бақылау, бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.

ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізіледі.

  9-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы: 

Оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі), әр тіл бойынша 10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы;

Математикалық сауаттылық – 13 тест тапсырмасы;

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география), әр пән бойынша 8 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасы.

Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған.  Тестті орындау уақыты – 150 минут (2  сағат 30 минут).  Максималды балл – 75.